Өрт кезінде 1995 жылы туған әйелдің денесі табылды.
Фото: Anadolu Ajansı
ERNUR.KZ. Оқиға Қобда ауданы орталығындағы Щербаков көшесінде болды. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз, деп жазады inform.kz.
— Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнына Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадасы және полиция жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, — деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


