Жарысты қыркүйектің 18-і мен 25-і аралығында өткізу жоспарланған.
ERNUR.KZ. Оған еліміздің әр аймағынан 100-ден астам үміткер қатысып, өз бақтарын сынайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жарысты қыркүйектің 18-і мен 25-і аралығында өткізу жоспарланған. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Фестиваль көкпар, аударыспақ, теңге ілу, тоғыз құмалақ, қазақ күресі секілді тағы басқа спорттың он түрінен ұйымдастырылмақ. Мамандардың айтуынша, жыл өткен сайын қатысушылардың қатары өсіп келеді. Республикалық шара Ақтөбеде биыл алғаш рет өткізілгелі отыр.
- Фестивальға республиканың барлық облысынан қатысады. Мыңнан астам спортшы, төрешілер, жаттықтырушылар келеді. Қазір тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мәдениет және спорт министрлігінің арнайы сыйлықтарымен марапатталады, - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.