Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
фото:Төтенше жағдайлар министрлігі
ERNUR.KZ. Ақтөбенің Алматы ауданындағы 41-разъезде бір қабатты сорғы станциясының ғимараты өртенді, деп жазады ulysmedia.kz.
Станция жергілікті компаниялардың біріне тиесілі және жанар-жағармай материалдарын айдауға арналған.
Өрт жеке тұрған станция ғимаратын шарпыған.
– Өрттің аумағы – 126 шаршы метр. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті жедел сөндірді, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


