Ақтөбеде жол апатынан алты адам көз жұмды: Күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

0
689

Алты бірдей адамды ажал құштырған апат Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылының маңында болған.


Ақтөбеде жол апатынан алты адам көз жұмды: Күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында алты адамның өліміне себепші болған көлік жүргізушісі қамауға алынды. 24 жастағы жігіт бұрын көлікті мас күйінде айдағаны үшін куәлігінен айрылған екен. Бірақ бұл жолы ішімдік ішпеген, деп хабарлайды ktk.kz.

Алты бірдей адамды ажал құштырған апат Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылының маңында болған. «Тойота-Ипсум» көлігін тізгіндеген жігіт қарсы жолға шығып, басқа жеңіл машинамен бетпе бет соғылған. Оның 46 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Үш жолаушы ауруханаға жеткізілген бойда жан тапсырған. Дәрігерлер тағы бір адамның өмірін де аман алып қала алмады. Қазір Алға аудандық ауруханасында жол апатынан зардап шеккен бір әйел жатыр. Ал алты адамның өліміне себепші болған жігіт тергеуде. Ол былтыр да осы уақытта мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Енді тағылған айыпқа қарағанда ол 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.


- Жол көлік апатының нәтижесінде алты адам қаза болды. Барлық қаза болғандар – «Лада-ларгус» автокөлігінің жолаушылары мен жүргізушісі. Кінәлі жүргізуші қылмыстық процессуалды кодексінің 128-бабы негізінде ұсталды, - дейді Ақтөбе облыстық ПД бастының орынбасары Самат Аисов.