Ақтөбелік WhatsApp-тан келген сілтемеге өтіп, ақшасынан айырылды

0
1 583

​Күдікті WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама жіберіп, заңсыз ақша иемденген.


Ақтөбелік WhatsApp-тан келген сілтемеге өтіп, ақшасынан айырылды

ERNUR.KZ. Ақтөбенің 42 жастағы тұрғыны алаяққа алданып, 34 мың теңгесінен айырылды, деп жазады sputniknews.kz.

28 шілдеде 42 жастағы ақтөбелік полицияға шағымданды.

Жәбірленушінің айтуынша, оның телефонына WhatsApp арқылы ақшаны екі есе көбейтуге болатыны туралы хабарлама келген. Ол үшін алдымен сілтемеге өтіп, ақша аудару керек болған. Ер адам сілтеме бойынша 34 мың теңге аударған.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің үстінен ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарды бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады.