Алаяқтар OLX-те шабуылдады: қазақстандықтарға күдікті сілтемелер туралы ескертті

0
1 947

Жыл басынан бері бұл алаяқтық схемадан жүзден астам елорда тұрғыны зардап шеккен.


Алаяқтар OLX-те шабуылдады: қазақстандықтарға күдікті сілтемелер туралы ескертті

ERNUR.KZ. Алаяқтар қазақстандық веб-сайттардан тауарларды жеке жарнамалардың жеткізілуін сылтауратып, алаяқтық амалдарын іске асырып жатыр, деп жазады Stan.kz.

Тауарларды сату туралы жарнаманы орналастырғаннан кейін, алаяқтар сатып алушының атын жамылып, бір күндік нөмірлерді қолданып байланысқа шығады.

Хат алмасу барысында алаяқтар өздерінің басқа қалада екенін түсіндіріп, «жеткізу» қызметін пайдалануды ұсынады. Яғни, курьер өзі тауарға келіп, карточкаға төлем жасағаннан кейін сатушыдан тауарды алады.


«Бұл үшін алаяқтар сілтемені жібереді. Бір қарағанда сілтеме ешқандай күдік тудырмайды, бірақ басқан кезде ол қолданушыны фишингтік сайтқа бағыттайды. Бұл сайтта сізді банктік карта, CVV-код, ЖСН көрсетілген сауалнама толтыруға, өтініш жіберуге және ақша аударымын күтуге шақырады. Сатушы өтініш жібере салысымен сіз көрсеткен барлық деректер фишинг-сайт арқылы алаяқтардың қолына түседі. Сонымен қатар, олар Интернет-банктік шотқа кіріп, ақшаға толық қол жеткізе алады және карталық шоттардағы қолда бар қаражатты лезде ұрлап алады. Ал алаяқтық веб-сайт бірнеше секундта бұғатталып, ізін жасырады», - деді полицияда.


Жыл басынан бері бұл алаяқтық схемадан жүзден астам елорда тұрғыны зардап шекті. Келтірілген шығын 2 миллион теңгені құрады. Барлық фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімі азаматтарды банктік карточкалардың деректері мен жеке деректерін жарияламауға шақырады. Сілтемеге және сайттың шынайылығына назар аудару қажет. Фишингтік сайттардың атауында қосымша әріп немесе белгі бар. Әдетте, алаяқтар заттың күйін тексермей-ақ оны сатып алуға келіседі.