Алдағы бес жылда Қазақстанда зейнет жасы қалай өзгеретіні белгілі болды

0
99

БЖЗҚ жаһандық экономикалық және демографиялық өзгерістер жағдайында зейнет жасын ұлғайту халықаралық тәжірибеге айналғанын айтады.


Алдағы бес жылда Қазақстанда зейнет жасы қалай өзгеретіні белгілі болды

Фото: Pexels.com

ERNUR.KZ. Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры Қазақстанда зейнетке шығу жасын жариялады. 2031 жылы ерлер де, әйелдер де 63 жастан шығады, деп жазады stan.kz.

БЖЗҚ жаһандық экономикалық және демографиялық өзгерістер жағдайында зейнет жасын ұлғайту халықаралық тәжірибеге айналғанын айтады. Себебі өмір сүру ұзақтығының артуы, халықтың қартаюы жұмыс істейтін азаматтардың жұмыс жүктемесіне әсер етеді дейді.

Ерлер үшін әдеттегідей – 63 жас. Ал әйелдер үшін зейнет жасы 2024 жылдан бастап 61 жас болса, 2028 жылдан бастап ол жыл сайын өседі:

  • 2028 жылдан бастап – 61,5 жас;
  • 2029 жылдан бастап – 62 жас;
  • 2030 жылдан бастап – 62,5 жас;
  • 2031 жылдан бастап – 63 жас.

“Әлеуметтік кодекстің 207-бабына сәйкес кейбір азаматтарға бюджет қаражаты есебінен жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алу үшін жалпы белгіленген жастан өзгеше болуы мүмкін жеңілдік жасы белгіленеді. Зейнетақы аннуитеті белгіленген зейнеткерлік жастан ерте зейнетке шығуға және өмір бойы ай сайынғы төлемдерді алуға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.