Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады.
ERNUR.KZ. Синоптиктер алдағы үш күнде еліміз бойынша ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 5-7 қыркүйек аралығында республиканың басым бөлігінде жаңбырлы, салқын ауа райы болып, найзағай ойнайды, сондай-ақ екпінді жел соғады.
«Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кейде қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын болады, 5 қыркүйекте қатты жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады», - делінген хабарламада.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болуы мүмкін.
Сондай-ақ солтүстік, солтүстік-батыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнгі уақытта 2-10 жылы болса, күндіз 10-20 жылыға дейін жоғарылайды.