"Алдап алып кеткен": Алматыда ер адам қызды зорламақ болғандардан құтқарып қалды (видео)

0
844

Оқиға 28 шілдеде болған.


ERNUR.KZ. Алматы ер адам қызды зорламақ болған жігіттен құтқарып қалған. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өз Telegram-арнасында мәлімдеді. Қыздың сөзінше, жігіттер қызды алдап қаланың төменгі бөлігіне алып келген, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 28 шілдеде болған. Рүстем есімді ер адамның айтуынша, ол өз жұмыстарымен қаланың төменгі бөлігінде кетіп бара жатқан. Кенеттен көлігінің алдынан қыз жүгіріп шығып, көмек сұрапты. Артынша бір жігіт жүгіріп келген.

Қыз екі жігіттің өзін алдап, қаланың төменгі бөлігіне алып келгеніне сенімді. Зорламақ болғанда қыз қашып кеткен.

Полиция өкілдері 2000 жылы туған Б. есімді азаматты зорламақ болғандарға қатысты істің тергеліп жатқанын мәлімдеді.

"Күдікті оқиға болғанға дейін өзімен бірге ішімдік ішкен танысынан күдіктенеді. Істің мән-жайы анықталып жатыр", - делінген полиция хабарламасында.