Әлемнің 140 елін жаяу шарлаған ливиялық Ақтауға келді

0
544

Осы уақытқа дейін ол еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін аралап үлгерген.


Әлемнің 140 елін жаяу шарлаған ливиялық Ақтауға келді

ERNUR.KZ. Бүкіл әлемге аты белгілі ливиялық саяхатшы ақмаржан қала Ақтауға жаяу жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Нури Фунас жаяу жүрістің жанкүйері. Бүгінде оның төлқұжатында мөр қоятын орын жоқ. Себебі, әлемнің 140-дан аса елінде болған. Нуридің Қазақстанға саяхаты осы жылдың ақпан айында басталды. Осы уақытқа дейін ол еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін аралап үлгерген. Жалпы, алғашқы саяхатын ол 1998 жылы бастады. Ондағы мақсаты – Ливиядан бүкіл әлемге және әлемнен Ливияға бейбітшілік, татулық пен мейірімділік жолдауын жеткізу.

Әлемді жаяу шарлаған Нури көктемде Ресейге жетем деп жоспарлаған. Алайда, жер жаһанды жайлаған пандемияның салдарынан барлық жоспары кейінге қалды.

Жиhанкез Қазақстанға келемін деген шешім қабылдап, үш мыңдаған шақырымды артқа тастап, Каспий жағасына келіп жетті. Жиһанкез мұндай ұзақ жол туралы бір минутқа өкінбейді. Оған ыстық та, қатал климат та кедергі болмайды. Осы жылдар ішінде Нури кез-келген қауіпті жеңуге үйренді. Ол саяхаттау кезінде қиыншылықтар болғанын да атап өтті.

Нури Фунас мыңдаған шақырымды жүріп өтіп қана емес, өзінің ерекше алға қойған миссиясын орындаумен келеді. Ол бейбітшілікті, адамға деген махаббатын, жақынына деген сүйіспеншілік пен мейірімділік қатынастарды орнатуды мақсат тұтады.

Қазақстан – Нури Фунастың Азиядағы соңғы нүктесі. Кейінірек ол Нұр-Сұлтан қаласына визасын ұзарту мақсатымен баруды көздеп отыр. Одан кейін Ресей, Украинаға жол тартпақ. Ал бүкіл әлем бойынша саяхаты аяқталған соң, Нури Фунас Ливияға оралып отағасы болуды армандап отыр.