Әлемнің оннан астам қаласында "Салтанат үшін" және Қазақстандағы фемицидке қарсы акция өтті

0
538

Олар марқұм Салтанат Нүкенова бейнеленген плакаттарды ұстап тұрды.


Әлемнің оннан астам қаласында

ERNUR.KZ. Еуропа мен АҚШ-тың оннан астам қаласында "Салтанат үшін" деп ұрандатқан бейбіт жиындар өтті. Қатысушылар Қазақстандағы фемицид құрбандарын еске алды, деп жазады stan.kz.

Шетелде жүрген қазақстандықтар акция ұйымдастырды. Жиындар 13 сәуірде Италияда (Болонья, Флоренция, Турин, Милан, Рим), АҚШ-та (Нью-Йорк, Сан-Франциско), Испанияда (Барселона), Ұлыбританияда (Лондон), Германияда (Мюнхен), сондай-ақ 14 сәуірде Нидерландта (Амстердам), Мажарстанда (Будапешт), Францияда (Париж) және Грузияда (Тбилиси) өтті.

Митингіге шыққан азаматтар "Әр әйел — жалғызым", "We want justice" (Әділдікті қалаймыз), "Зорлық-зомбылық ақталмайды" және тағы басқа ұрандарды айтты. Олар сондай-ақ марқұм Салтанат Нүкенова бейнеленген плакаттарды ұстап тұрды.

Еске салайық, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.