Әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқан блогер жауапқа тартылды

0
473

Оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.


Әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтқан блогер жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған блогерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Сотпен YouTube видео хостингінде К.-ның әдепсіз сөздер айтқан видеоподкаст жарияланғаны анықталды. Одан әрі бұл видео басқа әлеуметтік желілерде таралған. Сот отырысында К., өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады», - делінген хабарламада.

Сот қаулысымен К., ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.