Әлеуметтік жұмысқа сертификатталған мамандар ғана жіберіледі – министр

0
552

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясында әлеуметтік қызметкерлер институты күшейтіледі.


Әлеуметтік жұмысқа сертификатталған мамандар ғана жіберіледі – министр

ERNUR.KZ. Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер институты күшейтіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясында әлеуметтік қызметкерлер институты күшейтіледі.
"Әлеуметтік жұмысқа біліктілікті тәуелсіз бағалаудан өткен сертификатталған мамандар ғана жіберіледі. Мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсететін мамандарды таңдау үшін әлеуметтік қызметкерлердің тізімі жасалады. Онда олардың біліктілігі, көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сапасы, жұмыс нәтижелері туралы ақпарат қамтылады", - деді Дүйсенова сенатта Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырып.
Ол әлеуметтік қызметкерлер үшін қызметтердің біліктілік деңгейін, санаты мен ерекшелігін ескеретін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілетінін атап өтті.
Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған Әлеуметтік қызметтер порталы бойынша комиссияларға жаңа өкілеттіктер беру көзделіп отыр. Олар:
сапасыз тауар немесе қызмет туралы мүгедектігі бар адамдардың өтінішін 5 күн ішінде қабылдау және қарау;
мерзімін көрсете отырып, ұсынылған тауарды немесе көрсетілген қызметті түзету туралы хатты жеткізушіге жіберу және олардың орындалуын бақылау;
жеткізушіні Әлеуметтік қызметтер порталынан алып тастау және жауапсыз жеткізушілер тізіміне енгізу.