Конкурс 25 қыркүйекте басталды.
Фото: © freepik.com
ERNUR.KZ. Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша басталған конкурсқа бір тәулік ішінде 9 945 ұсыныс түсті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Агенттік мәліметінше, 25 қыркүйек сағат 12:00-ден 26 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін eGov Mobile қосымшасы арқылы 9 945 қазақстандық өз нұсқасын ұсынған.
Конкурс 25 қыркүйекте басталды. Қатысу үшін eGov Mobile қосымшасының басты бетіне қойылған «АЭС-ке өз атауыңызды ұсыныңыз» деген баннерді басу жеткілікті. Сонымен қатар азаматтарға конкурс басталғаны туралы push-хабарлама жіберілген.
Әрбір қазақстандық өз үлесін қоса алады. Ол үшін:
- қазақ немесе орыс тілін таңдау;
- АЭС атауына өз нұсқасын жазу;
- қажет болған жағдайда қысқаша түсіндірме беру;
- ресми ережелермен танысқанын растау қажет.
Ұсыныстарды қабылдау 10 қазан 2025 жыл, сағат 23:59-да аяқталады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, болашақ атом электр станциясының атауы елдің тарихи, мәдени және ұлттық құндылықтарын бейнелеуі тиіс. Бұл жоба энергетика саласында ғана емес, жалпы ұлттық тарихта ерекше маңызға ие оқиға ретінде қарастырылады.