Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жазды.
Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей «Nur Otan»-ның хатшысы болып тағайындалды»,-деп жазды Б.Байбек.