Әлихан Смайылов ресми сапармен Грузияда жүр

0
637

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.


Әлихан Смайылов ресми сапармен Грузияда жүр

ERNUR.KZ. Тбилиси әуежайында Үкімет басшысын Грузия Премьер-Министрінің орынбасары – экономика министрі Леван Давиташвили мен Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мәлік Мырзалин қарсы алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, Грузия астанасында Әлихан Смайылов ел Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізеді.

Оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.