Алимент төлемей жүрген 22 борышкер сотталды

0
95

Биыл алимент төлемегені үшін 145 борышкер 5 күнге дейін әкімшілік қамаққа және 78 борышкер айыппұл төлеу туралы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.


Алимент төлемей жүрген 22 борышкер сотталды

Коллаж Ulysmedia.kz

ERNUR.KZ. Сот үкімімен кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеу міндетін орындамаған 22 борышкер қылмыстық жазаға тартылған, деп жазады ulysmedia.kz.

Прокуратура дерегінше, олардың барлығы бұдан бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылғанына қарамастан, шарасыздық танытып, халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос жұмыс орындарына орналасудан бас тартқан.

Сот борышкерлерді ҚК-нің 139-бабымен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы бойынша оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.

Биыл алимент төлемегені үшін 145 борышкер 5 күнге дейін әкімшілік қамаққа және 78 борышкер айыппұл төлеу туралы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сот орындаушылардың борышкерлерді белсенді жауаптылыққа тартуына прокурорлық актілердің енгізілуі өз үлесін қосып жатқаны айтылды.

Жыл басынан алимент өндіру үшін заңда қарастырылған атқарушылық әрекеттерін жүзеге асырмаған 70 астам сот орындаушысы прокурорлық актілер негізінде тәртіптік жауаптылыққа тартылған.