Қазіргі уақытта Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы латын қарпіндегі жаңа алфавиттің каллиграфиялық нұсқасын дайындауда.
ERNUR.KZ. Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-қазына" ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының ғылыми хатшысы Анар Фазылжан ОКҚ өткен брифингте 2021 жылдан бастан "Әліппе" латынша құрастырыла бастайтынын айтты, деп жазады kaz.nur.kz.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта психологтардан, педогогтардан, дизайнерлерден, тіл мамандары мен әдіскерлерден тұратын жұмыс тобы құрылған. Олар латын графикасындағы қазақ алфавитіне негізделген каллиграфиялық жазумен жұмыс жасауда.
"Ғалымдар әліпбиді тексеріп, оны қолдану оңай болатындай етіп жеке әріптермен жұмыс жасауда. Бұл әліпби толығымен өзгереді деген сөз емес. Қоғам дұрыс қабылдаған әріптер көп.
Қазіргі уақытта Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы латын қарпіндегі жаңа алфавиттің каллиграфиялық нұсқасын дайындауда.
Менің білуімше, психологтар, педагогтар, дизайнерлер, лингвистер, әдіскерлер бірігіп жұмыс істейді. Егер осы алфавиттің бірнеше әріптеріне өзгертулер енгізілсе, олар тез арада тиісті өзгертулер енгізеді.
Жақында олар әріп жазудың өз нұсқасын ұсынады деп сенемін. Латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу туралы үкіметтің шешімі болғандықтан. 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігі Әліппені латын қарпімен дайындауға кіріседі. Осыған байланысты каллиграфиялық жазудың үлгісі осы уақытқа дейін дайын болады", - деді Фазылжан.