Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы болады

0
573

Беларусьта өткен ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары алты медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 9-шы орынға ие болды.


Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы болады

ERNUR.KZ. 2026 жылы Алматы ТМД-ның спорт астанасы болады. Ұйымның дене шынықтыру және сопрт кеңесі осындай шешім қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

Минскіде өткен жиында ТМД елдері спорт әкімшіліктері мен ұйымның атқарушы органдары алдағы жоспарды талқылады. Сондай-ақ 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарлар да пысықталды.
Кеңес қабылдаған шешімдердің бірі – 2025 жылғы ТМД елдері ойындарын Әзербайжанда өткізу. Бұдан бөлек, тағы бір жаңа жарыстар басталады. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы спартакиада, Достық ойындары, "Болашақ ойындары" халықаралық турнирі және шахматтан ТМД кубогы сияқты жарыстар бар.
Айта кетері, биыл Беларусьта өткен ТМД елдері ойындарында Қазақстан спортшылары алты медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 9-шы орынға ие болды.