Ветеринариялық қызмет көрсетуде небәрі 6 көлік қана болған.
ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімдігі көшедегі қаңғыбас иттерді аулау үшін жиырмаға жуық автокөлік сатып алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұған дейін қаңғыбас иттерді аулау қызметінде небәрі 6 автокөлік қана болған еді.
«Алматы қаласындағы «Қалалық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ КМК үшін борттық платформасы бар 12 жеңіл жүк көлігі, 2 трицикл, трактор, аулау қызметінің жұмысшыларын тасымалдауға арналған жолаушылар автобусы және жеңіл автокөлік сатып алынды. Қазіргі уақытта дейін аулау 2022 жылғы 3 JAC маркалы арнайы машина және 2013 жылғы 3 Hyundai Porter маркасы жұмылдырылды», - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаңғыбас жануарларды аулауға арналған жаңа машиналар қаланың барлық аудандарына таратылады. Бекітілген бригадалар аудандық әкімдіктермен жасалған меморандумға сәйкес келіп түскен өтінімдер бойынша жұмыс істейді.