Алматы әкімі нөсерден кейін шенеунікті қызметінен босатып, әкімдерге сөгіс жариялады

0
258

Әкім кеңесшісі Ильзат Акчуриннің айтуынша, Алматы әкімі қаладағы жол төсемінің жуырдағы шөгуі мен жекелеген учаскелерде жиектастың негізсіз ауыстырылуы мәселесін бақылауда ұстап отыр.


Алматы әкімі нөсерден кейін шенеунікті қызметінен босатып, әкімдерге сөгіс жариялады

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жол төсемінің шөгуі мен жиектастың негізсіз ауыстырылуына байланысты Әуезов пен Медеу аудандарының әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады. Сондай-ақ, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, деп жазады tengrinews.kz.

Әкім кеңесшісі Ильзат Акчуриннің айтуынша, Алматы әкімі қаладағы жол төсемінің жуырдағы шөгуі мен жекелеген учаскелерде жиектастың негізсіз ауыстырылуы мәселесін бақылауда ұстап отыр.

Бостандық ауданы

Ерменсай шағынауданында инженерлік коммуникациялар тарту үшін қазылған траншеяларды қатты су ағыны шайып, автокөліктердің қозғалысына кедергі келтірген учаскеде ("SGGroup Сапа Строй" ЖШС жұмысы), сондай-ақ әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесіндегі жерасты өткелінде гранит плиталарды негізсіз ауыстыру жұмыстарына бақылаудың болмауына байланысты Бостандық ауданы әкімінің болмауына орай оның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру саласына жетекшілік ететін орынбасары қызметінен босатылды.

Әуезов ауданы

Нөсер кезінде Аманжол көшесінде жол төсемі шөгіп (сумен жабдықтау және кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын "Спецстрой Групп ЛТД" ЖШС орындаған), 13 автокөлік зақымдалды. Сондай-ақ Яссауи көшесінде асфальт опырылған (ұзындығы 2,8 шақырым болатын кәріз желісін "Спецкоммунстрой" мердігер ұйымы салған). Осыған байланысты Әуезов ауданы әкіміне қатаң сөгіс жарияланды.

Медеу ауданы

Мердігер ұйымды бақылауда кемшілік жібергені үшін – Медеу ауданы әкіміне де қатаң сөгіс жарияланды. Уәлиханов бульварындағы жиектасты заңсыз шешіп алып, плиталарды облыстағы жеке үйге жеткізу оқиғасы қоғамда үлкен наразылық туғызды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.