7 наурыз күні Алматы әуежайында ер адам қызды кепілге алып, көпшілік алдында пышақ кезенген болатын.
Фото: видеодан алынған скрин
ERNUR.KZ. Сот Түрксіб ауданында өтеді, деп жазады inform.kz.
Алматы қаласы сотының мәліметінше, бүгін шаһардың әуежайында қызды кепілген алған күдіктіге қатысты сот басталады.
Бұған дейін Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.
Кепілге алу (ҚР ҚК-нің 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) — мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі) — 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК-нің 273-бабы) — 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Еске салайық, 7 наурыз күні Алматы әуежайында ер адам қызды кепілге алып, көпшілік алдында пышақ кезенгенін жазғанбыз.