Алматы әуежайында жолаушылардың жанына биіктен құбырлар құлады

0
103

Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайы аумағында болған оқиға туралы ақпарат тарап жатыр.


Алматы әуежайында жолаушылардың жанына биіктен құбырлар құлады

t.me/kozachkow видеосынан кадрлар

ERNUR.KZ. Алматы әуежайында құрылыс жұмыстары кезінде жолаушылардың жанына биіктен құбырлар құлады, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайы аумағында болған оқиға туралы ақпарат тарап жатыр. Куәгерлердің бірінің айтуынша, 11 маусым күні күндіз құрылыс жұмыстары кезінде биіктен ірі құбырлар жолаушылардың қасына құлай бастаған.

Сондай-ақ желіде видео жарияланды.

Болған жайт туралы алматылық келіншек әлеуметтік желіде айтып берді. Оның айтуынша, оқиға кезінде маңайда оның туыстары, балалары, сондай-ақ рейстің ұшуын немесе келуін күтіп тұрған басқа да адамдар болған.

Оның сөзіне қарағанда, оқиға маңайдағы адамдардың қатты үрейін туғызған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы дерек жоқ. Оқиғаның егжей-тегжейі, сондай-ақ құбырлардың құлау себептері мен салдары туралы мәліметтер әзірге хабарланған жоқ.

Біз пікір алу үшін Алматы әуежайының баспасөз қызметіне хабарластық. Материал жарияланған уақытқа дейін жауап келген жоқ.