Алматы эпидемиологтары үнді штамы туралы: Жаңа толқын болуы мүмкін

0
555

Алматыда үнді штамына байланысты әуежай мен вокзалдарда бақылау күшейтілді.


Алматы эпидемиологтары үнді штамы туралы: Жаңа толқын болуы мүмкін

фото: тengrinews.kz.

ERNUR.KZ. Алматы эпидемиологтары "Дельта" штамы анықталуына байланысты коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство хабарламасында үнді штамы туралы айтылған.

"Алматы эпидемиологтары қауіпті "Дельта" штамының анықталуына байланысты коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алматының коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық штабы қала тұрғындарын вакцинацияға, сондай-ақ маска тағу режимі мен әлеуметтік арақашықтықты, әсіресе адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда сақтауға шақырады", - деді әкімдіктегілер.

Бұған дейін Алматыда үнді штамына байланысты әуежай мен вокзалдарда бақылау күшейтілетіні хабарланған болатын.