Алматы қаласы бес аймаққа бөлінеді

0
226

Алматының жаңа бас жоспарына сәйкес, мегаполисте бір орталықтың орнына "Солтүстік", "Батыс", "Оңтүстік-батыс", "Шығыс қақпасы" және "Тарихи орталық" сияқты бес орталық пайда болады.


Алматы қаласы бес аймаққа бөлінеді

Фото: t.me/almaty_akimat

ERNUR.KZ. Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Алматыбасжоспарда" кеңес өткізді, деп жазады inbusiness.kz.

Қала басшысына бес негізгі полиорталық – іскерлік белсенділікті қайта бөлуге, қаланың орталық аудандарында жүктемені азайтуға және бүкіл мегаполис бойынша толыққанды өсу нүктелерін құруға арналған заманауи қоғамдық-іскерлік кластерлерді қалыптастыру жобасы ұсынылып, жан-жақты таныстырылды.

  1. "Солтүстік" полиорталығы – "Алматы-1" теміржол станциясына іргелес аумақ. Бұл полиорталықта қызмет көрсету саласы қарқынды дамитын болады, салынып жатқан құрылыстарда бірінші қабаттар шағын бизнеске жалға беріледі, скверлер, Үлкен Алматы кааналы, Баум тоғайы маңайында демалыс орындары қарастырылған.
  2. "Батыс" полиорталығы – жаңа Алматы-3 теміржолвокзалы мен Боралдай кентіндегі көлік хабы ауданында орналасатын болады. Мұнда барлық қажетті инфрақұрылым, соның ішінде "Сақ қорғандары" этнографиялық паркінің айналасында жүргізілетін болады. Алаңы 90 гектар желілік рекреациялық саябақ, жаңа көпсалалы аурухана кешенін салу жоспарда.
  3. "Оңтүстік-батыс" полиорталығы – Райымбек даңғылы мен Алатау көшесін ұзарту аумағында. Мұнда шағын өнеркәсіптік парктер, сауда және логистика нысандары, әкімшілік-іскерлік орталықтар орналасады.
  4. "Тарихи орталық" – Медеу ауданының бөлігі, Байтұрсынов көшесі - Абай - Зенков - Жібек Жолы даңғылдарының шекарасындағы "алтын аймақ". Мұнда өнеркәсіп орындары болмайды, тарихи-мәдени маңызы бар ғимараттар қалпына келтіріледі.
  5. "Шығыс қақпасы" полиорталығы – бұл Талғар және Құлжа тракттарының ауданы. Мұнда Алматының логистикалық хабы орналасады.
– Тұрғын үй салуға басымдық берілмейтіндей және 5 жылдан кейін бұл аудандар тыныш аудандарға айналмайтындай етіп жобаларды пысықтау қажет. Саябақтар, сауда орталықтары, кеңселер жоспарлау кезеңінде қарастырылуы тиіс. Адамдар өмір сүріп қана қоймай, жұмыс істейтін, демалатын, бос уақытын өткізетін теңестірілген ортаны құру маңызды – аудандар шынайы жайлы және тыныс-тіршілікке толы болғаны жөн, – деп мәлімдеді қала әкімі.

Әкім әрбір полиорталықты әлеуметтік инфрақұрылымды, демалыс аймақтарын және адамдар мен бизнесті тартатын зәкірлік жобаларды ескере отырып, кешенді түрде дамыту қажеттігін атап өтті.