Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0
683

Мұндай шешімді осы лауазымға үш кандидатпен әңгімелесе келе конкурстық комиссия қабылдады.


Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына Иран Шаметеков басшылық етеді. Мұндай шешімді осы лауазымға үш кандидатпен әңгімелесе келе конкурстық комиссия қабылдады, деп жазады Stan.kz.

"Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бос лауазымына кандидаттармен әңгімелесу қорытындысы бойынша үш кандидаттың ішінен Иран Маратұлы Шаметеков жеңімпаз болып танылды. Тиісті ақпарат әкімдіктің сайтында жарияланды. Алматы әкімі заңнамада белгіленген мерзімде тағайындау туралы шешім қабылдайды", - деп түсіндірді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Иран Маратұлы Шаметеков Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын 2000 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген. 2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан медицина академиясында "Хирургия" мамандығы бойынша интернатура өтті. 2006 жылы Д.А. Қонаев атындағы университеттің бакалавриатын "Заңтану" мамандығы бойынша бітіріп, заңтану бакалавры академиялық дәрежесі берілді. Философия және қоғамдық денсаулық сақтау докторы ғылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын 2001 жылы Байқоңыр қалалық ауруханасында қабылдау бөлімшесінің хирург-дәрігері қызметінен бастады. Әр жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің түрлі департаменттерінде, елорданың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы, директор болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры