Алматы маңында екі мәрте жер сілкінді

0
566

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 113 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.


Алматы маңында екі мәрте жер сілкінді

ERNUR.KZ. Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді, деп жазады ulysmedia.kz.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 113 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 7.9. MPV магнитудасы – 3.4. Эпицентр координаттары – 42.38° с.е. 76.12° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», – делінген «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің хабарламасында.

Бұл Алматы маңында бір тәулік ішінде тіркелген екінші жер сілкінісі. Сағат 11:24-те қазақстандық сейсмологтар 4,5 балдық жер сілкінісі туралы хабарлаған болатын. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.