Алматы маңында иттер талап тастаған 10 жастағы баланы жағдайы белгілі болды

0
137

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, иттер баланың құлағын жұлып алған.


Алматы маңында иттер талап тастаған 10 жастағы баланы жағдайы белгілі болды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Дәрігерлер Алматы облысының Жалпақсай ауылында иттер талап тастаған баланың жағдайы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, баланың жағдайы ауыр.

"1 шілдеде жағдайы тұрақталғаннан кейін науқас Қарасай ауданының орталық ауруханасынан облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы тұрақты ауыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Бала есін біледі. Қазір клиникалық психолог баламен және оның анасымен жұмыс істеп жатыр.

Дәрігерлер баланың жарақаты туралы айтпады, бірақ әлеуметтік желілерде оның беті, көзі мен жамбасы қатты жарақаттанғаны айтылды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың сөзінше, иттер баланың құлағын жұлып алған. Болашақта оған қалпына келу және ұзақ мерзімді оңалу үшін тағы бірнеше ота қажет болуы мүмкін.