Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
ERNUR.KZ. Алматы маңындағы ауылдар арасында жүретін автобустан құлаған кондуктор оқиға орнында жан тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.
"Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін маршруттық автобустың кондукторы салоннан құлап қалғаны анықталды. Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.