Оқиға салдарынан инкассатордағы жолаушы зардап шекті.
ERNUR.KZ. Инкассатор көлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға 27 шілде "Алматы-Өскемен" тасжолының 17-шақырымында болған, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға салдарынан инкассатордағы жолаушы зардап шекті.
"Бұл дерек ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Іле ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды," - деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов.