Алматы мен Ташкент арасында пойыз қатынай бастайды

0
854

Бұл пойыз Ташкенттен сейсенбі, бейсенбі және жексенбіде жүреді.


Алматы мен Ташкент арасында пойыз қатынай бастайды

ERNUR.KZ Халықаралық бағыттағы алғашқы жолаушылар пойызы биыл 1 сәуірден бастап Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағдары бойынша қатынай бастайды, деп жазады Sputnik.kz

2022 жылдың 2 мамырынан бастап аптасына үш рет Алматы-2 - Ташкент - Алматы-2 ("Тальго-Тұлпар") №1/2 тұрақты жүрдек пойызы ұйымдастырылады, деп хабарлады "Узбекистон темир йуллари" АҚ.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық тасымалдаушысымен тиісті уағдаластыққа қол жеткізілген.
Бұл пойыз Ташкенттен сейсенбі, бейсенбі және жексенбіде жүреді. Ал Алматыдан Өзбекстанға - дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері қатынайды.
Билеттерді электронды форматта және теміржол кассаларында сатып алуға болады.
Еске салсақ, Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары шекарадан жаяу өткізу пунктері арқылы еркін өте алады.
"16 наурыздан бастап Өзбекстанның Тәжікстан және Қазақстанмен шекарасындағы өткізу пунктері арқылы барлық адамның жүруіне уақытша шектеулер алынып тасталады", - деп хабарлады Өзбекстанның көлік министрлігінде.
Екі ел қалалары арасындағы тұрақты автобус және теміржол қатынасы қалпына келтіріліп жатыр.