Алматы метросында оқ-дәрі алып жүрген жігіт ұсталды

0
103

Жас жігіт ұсталып, аумақтық полиция қызметкерлеріне тапсырылды.


Алматы метросында оқ-дәрі алып жүрген жігіт ұсталды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Алматы метросында жолаушыдан екі патрон табылды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Байқоңыр" станциясында метрополитен полициясының қызметкерлері көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп жолаушыны тексерді. Рентген-телевизиялық қондырғы оның сөмкесінен күмәнді затты көрсетті. Тексеру барысында калибрі 5,45 миллиметрлік ойық ұңғылы қаруға арналған екі патрон табылып, тәркіленді", – делінген хабарламада.

Жас жігіт ұсталып, аумақтық полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір оның оқ-дәрілерді қайдан алғаны және қандай мақсатпен алып жүргені анықталып жатыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.

Ал бұған дейін Алматы тұрғынының кәдімгі балық аулауы жедел топтың шақырылуына себеп болған еді. Ол қармақ салып, судан оқ-дәрі салынған сөмкені алып шыққан.