Алматы облысы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа кірді

0
652

Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті.


Алматы облысы коронавирустың таралуы бойынша

24 мамырға арналған Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алматы облысы коронавирустың таралу деңгейі бойынша "жасыл" аймаққа оралды. Сонымен қатар Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары да осы аймаққа енеді.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.