Таксиге мініп қашып кеткен екі әйелдің бірі 6 күннен кейін қолға түсті.
ERNUR.KZ. Алматы облысында 16 жастағы оқушы қызды аяусыз ұрды деген күдікпен 27 жастағы әйел ұсталды. Оның жанындағы екінші әйел әлі қашып жүр, деп жазады ҚазАқпарат.
Таксиге мініп қашып кеткен екі әйелдің бірі 6 күннен кейін қолға түсті. Екіншісі әлі іздестірілуде.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушыны ұрған екі әйелді ұстау үшін кешенді жұмыстар жүргізілген.
Нәтижесінде, 19 мамыр күні 27 жастағы Алматы қаласының жергілікті тұрғыны ұсталды. Ол арнайы дәлелдерден кейін кінәсін мойындады. Оқушыны ұрған екінші күдікті әйел адамның кім екені анықталды. Ол 30 жастағы Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек ауылының тұрғыны. Бірақ ол әлі қолға түспеді. Оны ұстау үшін полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 13 мамыр күні Алматы облысында оқушы қызды екі белгісіз әйел ұрып кетті.
Оқиға Іле ауданының Боралдай ауылында болған.