Алматы облысында 2 жастағы бала құдыққа түсіп қайтыс болды

0
525

Бүлдіршін мысықтың соңынан қуамын деп беті темірмен жабылған септикке түсіп кеткен.


Алматы облысында 2 жастағы бала құдыққа түсіп қайтыс болды

ERNUR.KZ. Талғар ауданында 2 жастағы бала су толы құдыққа түсіп кетіп мерт болды, деп жазады exk.kz.

Қайғылы оқиға 28 тамыз күні кешкі уақытта болған. Баланың анасының айтуынша, бүлдіршін мысықтың соңынан қуамын деп беті темірмен жабылған септикке түсіп кеткен.

"Темір металл баланың салмағына шыдамай майысып, бүлдіршін құдыққа құлап кетті. Анасы баланы дереу шығарып алып, жедел жәрдем шақырған", деп мәлімдеді Талғар аудандық полициясы.

Бала ауруханаға бара жатқан жолда ауа жетпегеннен қайтыс болды.