Алматы облысында 51 жастағы ер адамның мәйіті табылды

0
219

Әлеуметтік желіде ол 2 қараша күні хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарландыру жарияланған болатын.


Алматы облысында 51 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Алматы облысында 9 қараша күні ер адамның мәйіті табылды. Облыстық полиция кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады inform.kz.

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметіне сәйкес, 51 жастағы ер адамның денесі Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының шетінде табылған. Әлеуметтік желіде ол 2 қараша күні хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарландыру жарияланған болатын.

– Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.