Алматы облысында ағаш құлап, көліктерді басып қалды: Зардап шеккендер бар

0
192


Алматы облысында ағаш құлап, көліктерді басып қалды: Зардап шеккендер бар

Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматы облысында ағаш құлап, екі автокөлікті басып қалды, деп жазады Stan.kz.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 27 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданында, Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасындағы жолда болған.

Оқиға орнына өңірлік ТЖД күштері мен техникалары шұғыл түрде жіберілген.

"Оқиға орнына келгеннен кейін ағаштың құлауы салдарынан екі жеңіл автокөліктің зақымданғаны анықталды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізілді”, – делінген хабарламада.