Алматы облысында ауылдасына пышақ сұққан ер адам ұсталды

0
491

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Алматы облысында ауылдасына пышақ сұққан ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында ауылдасына пышақ сұққан күдікті ұсталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алматы облысының полициясы өзгенің денсаулығына қасақана ауырылығы орташа зиян келтірген күдіктіні ұстады.

2021 жылдың 9 шілдесінде Кеген АПБ кезекші бөліміне пышақ дене жарақатымен Кеген аудандық ауруханасына 27 жастағы Жылысай ауылының тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны - 1989 жылғы ер адамды ұстады. Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында оқиғаның бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде туындаған жанжал салдарынан орын алғандығы белгілі болды. Орын алған деректің басқа жайттары ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тиісті сот сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.