Үйді 2021 жылдан бері 8 адамнан тұратын отбасы жалдап тұрған.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында үй өртеніп, үш адам қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
"Оқиға 7 желтоқсанға қараған түні сағат 00:16-де болған. 90 шаршы метр алаңдағы жеке тұрғын үй өртенді. Үйдің қабырғалары қамыс, шатыры ағашпен торланған. Баспана 1961 жылы тұрғызылған. Үйді 2021 жылдан бері 8 адамнан тұратын отбасы жалдап тұрған", - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру кезінде 1960 жылы туған әйелдің, 2018 және 2019 жылы туған ұлдардың мәйіті табылған.
Сондай-ақ өрттен қаза тапқан балалардың 1999 жылғы анасы, 2022 жылы туған нәресте, 1991, 1958, 2002 және 2004 жылы туған ер адамдар Есік қаласының ауруханасына жеткізілді.