Оқиға Көкөзек ауылында болған.
Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматы облысында бұрынғы полиция қызметкері алты жасар баланы көлігімен қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазады stan.kz.
Оқиға Көкөзек ауылында болған. Бейнебақылау камерасынан велосипедпен келе жатқан баланың артқа қарай қозғалған көліктің астында қалғанын көруге болады. Бірақ жүргізуші көлігінен шықпайды. Бірнеше минут күтіп, сосын кетіп қалған. Есеңгіреп қалған бала орнынан тұрып, қатты жылайды. Көп ұзамай жерге құлайды. Оған сол маңдағы тұрғындар көмек көрсеткен.
Күдікті учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарған екен. Ол рөлде мас болды деген ақпараттың анық-қанығын полиция департаменті тексеріп жатыр. Бұрынғы тәртіп сақшысының кесірінен жарақат алған бала қазір ауруханада жатыр.
“Жедел іздестіру шаралары барысында Lexus RX 300 көлігінің 42 жастағы жүргізушісі ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған азамат полиция қызметкері емес, ол бұрын апат болғанға дейін теріс себептермен жұмыстан босатылған. Осы оқиға бойынша бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.