Алматы облысында болған атыс видеоға түсіп қалды

0
699

Таныстар өз арасында жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласқан.


Алматы облысында болған атыс видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Ұзынағаш ауылында болған атыс видеоға түсіп қалды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Видеода әйелдердің айғайы мен атыс естіледі.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Алматы облысының полиция қызметкерлері осы видеоға қатысты түсінік берді.

"Бұл оқиға осы жылдың маусым айында Ұзынағашта болған. Таныстар өз арасында жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласқан. Қазір "кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады", - деді полицейлер.