Алматы облысында екі балықшы суға батып кетті

0
372

973 және 1969 жылдары туған балықшылар отырған қайық аударылып кеткен.


Алматы облысында екі балықшы суға батып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Деревянное көлінде 1973 және 1969 жылдары дүниеге келген екі балықшы суға батып көз жұмды, деп жазады Stan.kz.

"28 наурызда сағат 17:30-да Республикалық жедел құтқару тобының диспетчерлік бөліміне Ұйғыр ауданындағы Деревянное көлінде адамдардың суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 1973 және 1969 жылдары туған балықшылар отырған қайық аударылып кеткен. Ер адамдар суға батып қаза тапты. Мәйіттердің бірін куәгерлер судан алып шыққан", - делінген Республикалық жедел құтқару тобының баспасөз қызметіндегілер.

Құтқару тобы оқиға орнына жеткен. Іздеу шараларының нәтижесінде түнде сүңгуірлер екінші ер адамның мәйітін тапқан.

Құтқарушылар қауіпсіздік техникасын сақтау керегін еске слады.