Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соғысып, бір адам көз жұмды

0
811

Салдарынан қарсы бағытқа шығып кеткен көліктің 26 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.


Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соғысып, бір адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы облысында «Алматы - Көкпек - Көктал» тасжолында екі көлік бетпе-бет соғысып, бір адам көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған көлік апатына байланысты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Оқиға бүгін 06:40 шамасында «Алматы- Көкпек-Көктал» тасжолының 65-ші шақырымында болған. Анықталғандай, «Мitsubishi galant» машинасының жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Ол 41 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан «Мercedes benz sprinter» машинасына бетпе-бет соғылған. Салдарынан қарсы бағытқа шығып кеткен көліктің 26 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ оның 45 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті» делінген аталған ведомствоның ресми хабарламасында.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.