Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті

0
617

Бала ағыспен бір шақырым жерге дейін ағып барған.


Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қызыл-Қайрат ауылында екі жасар сәби суға батып кетті, деп жазады Stan.kz.

Қайғылы оқиға жайлы @kris_p_talgar паблигі Талғар аудандық ТЖБ-ға сілтеме жасап хабарлады.

21 мамыр күні сағат 16:00 шамасында бала жеке тұрғын үй ауласынан жоғалып кеткен. Туыстары баланы іздеп таба алмаған. 18:15-те көмек сұраған. Оқиға орнына полицейлер, құтқарушылар мен кинологтар келіп жетіп, сағат 19:20 шамасында сәбидің денесі Цыганка өзенінен табылды. Бала осы өзен маңында орналасқан үйде қонақта болған.

Сондай-ақ баланың ағыспен бір шақырым жерге дейін ағып барғаны атап өтілген. Көз жұмған сәби бір аптадан кейін екі жасқа толар еді.