Алматы облысында ер адам үш кісіні атып тастады

0
109

Бұған дейін желіде мас күйіндегі малшы жолдастарына аңшы мылтығын атқаны туралы ақпарат пайда болған.


Алматы облысында ер адам үш кісіні атып тастады

ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Алматы облысында ер адам үш адамды мылтықпен жарақаттады. Оқиға 27 қазанда Қонаев өаласы маңында болған, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұған дейін желіде мас күйіндегі малшы жолдастарына аңшы мылтығын атқаны туралы ақпарат пайда болған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді, бір жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және қамауға алды, - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Бұған дейін Алматыда ер адамның автобус жүргізушісіне пышақ ала жүгіргені туралы хабарлаған едік.