Алматы облысында ерлі-зайыпты асырап алған балаларын ұрып-соққан

0
393

Балалар уақытша жергілікті балалар үйіне берілген.


Алматы облысында ерлі-зайыпты асырап алған балаларын ұрып-соққан

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы облысының Іле ауданында ерлі-зайыпты асырап алған балаларын ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы облысының Полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді. Балалар уақытша жергілікті балалар үйіне берілген.

"27 тамызда Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін мезгіл-мезгіл ұрып-соғу дерегі туралы ақпарат келіп түсті. ӘҚБтК-нің 127-бабында көзделген факт бойынша жиналған материал соттың қарауына жіберілді", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Балаларды одан әрі қамқорлыққа алу немесе одан айыру туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды.