Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын 37 жастағы Бауыржан Қабдолданов Қонаевтағы Алматы облыстық полиция департаментінде қызметтік іссапармен болған.
ERNUR.KZ. Алматы облысында полиция қызметкері әйелі Дарина Қабдолданованы Hyundai Elantra көлігімен қағып өлтірді деген күдікпен ұсталды. Екі жұп арасындағы жағдайдың егжей-тегжейі белгілі болды, деп жазады stan.kz.
Қауесеттерге қарағанда, әйел де бұрын полицияда қызмет еткен, екеуі сонда танысып, көңіл жарыстырған. Дегенмен Алматы облыстық полиция департаменті бұл болжамды әлі ресми түрде растаған жоқ.
Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын 37 жастағы Бауыржан Қабдолданов Қонаевтағы Алматы облыстық полиция департаментінде қызметтік іссапармен болған. Ол қарамағындағылар тергеген бірнеше қылмыстық істі сараптамаға алып келген. Бауыржан Даринаны өзімен бірге алып келген екен.
Тағы бір нұсқа бойынша, отбасылық жанжал 16 мамыр таңертең үйге бара жатқан жолда болған. Қабдолданов әйелін Қонаев-Бақанас тас жолының жиегіне түсіріп тастаған. Бірақ бірнеше шақырымнан кейін Бауыржан бұрылып, Даринаны тастап кеткен жерге жеткен. Полиция қызметкері жолда отырған әйелін байқамай, шамамен таңғы сағат 5:00-де оны қағып кеткенін айтады.
Қазір нашақорлық жөніндегі маман мен автомобиль сарапшысы тексеріп жатыр. Егер полицей мас емес және жолда отырған әйелін қақпай өтуге техникалық мүмкіндігі болмағаны дәлелденсе, бұл жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескеріледі.
Алайда көпшілік таң сағат 4:30 шамасында ататынын айтып, 5:00-де адамды көрмей қалу мүмкін емес екенін жазды.
Тергеу өлімге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басын ескере отырып, Балқаш ауданының прокуроры және оның орынбасары, осы сотқа дейінгі тергеуді жүргізуге жауапты облыстық полиция департаментінің тергеу тобымен бірге апат орнына келді. Бауыржан Қабдолданов ұзақ уақыт тергеу саласында жұмыс істеді және өлімге әкеп соққан апаттардан кейін қозғалған ондаған қылмыстық істерді жеке тергеді.
Бірнеше жыл бұрын ол Іле аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді және Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметіне көтерілді.


