Алматы облысында иттер талап тастаған 11 жастағы баланың отбасына баспана берілді

0
112

Отбасына мұндай мүмкіндікті "Asar-Ume" қайырымдылық қоры сыйлады.


Алматы облысында иттер талап тастаған 11 жастағы баланың отбасына баспана берілді

Photo : акимат Жетысуской области

ERNUR.KZ. Алматы облысы Жалпақсай ауылында питбуль иттері талап тастаған Максим Головачевтің отбасына баспана берілді, деп жазады sputnik.kz.
Отбасына мұндай мүмкіндікті "Asar-Ume" қайырымдылық қоры сыйлады.
"11 жастағы Максимнің отбасы он жылдан астам уақыт бойы жалдамалы пәтерлерде тұрған екен. Қайғылы оқиғадан кейін балаға жергілікті әкімдік, қайырымдылық қоры мен еркітілер көмектесе бастаған. Кейін отбасы қордың талаптарына сай келгендіктен баспана алып беру туралы шешім қабылданған", - дейді қор жетекшісі Асхат Нұрмашев.
83 шаршы метрлік баспана отбасының бұрын тұрған шағын үйінің жанында орналасқан. Қоныс тойын ұйымдастыруға Алмалыбақ және Жалпақсай ауылдарының тұрғындары мен Максим оқитын Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясы ұжымының өкілдері көмектесті.
Максимнің өзі әлі аурухада емделіп жатыр, бірақ дәрігерлер оның жақын арада отбасына оралатынын айтады.

Еске сала кетейік, 30 маусымда Алматы облысы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында 11 жастағы Максимді питбуль иттері талап тастаған.