Алматы облысында қар көшкіні болып, жол уақытша жабылды

0
631

Ассы обсерваториясының жанында қар көшкіні өздігінен түсті


Алматы облысында қар көшкіні болып, жол уақытша жабылды

2024 жылы 11 ақпанда сағат 09 сағат 10 минутта Алматы облысы ТЖД Еңбекшіқазақ ауданында қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты таулардың баурайында қар көшкіні болғанын хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.


Көшкіннің жалпы көлемі 52,5 текше метр.

Қар көшкіні жүргендіктен «Түрген ауылы- Батан шатқасы» облыстық маңызы бар тас жолы жабылды. Автожолды тазарту жұмыстарын Қазселденқорғау ММ-нің күштері жүргізуде. Түрген өзенінің арнасы бойымен су қалыпты жағдайда өтуде. Қаза тапқандар мен қираулар жоқ.


"Азаматтардың қауіпсіздігі және автокөліктің жол қозғалысының қауіпсіздігі мақсатында жолдың осы учаскесі бойындағы жол 2024 жылғы 1 мамырға дейін Есік қаласы -Есік көлі автожолының 15 километрінен 41 километріне дейін, сонымен қатар Есік және Түрген 20 км Түрген-Батан ауылы-Ассы- обсерваториясы автожолының 41 км дейін жабылды", делінген хабарламада.