Алматы облысында қатарласынан ақша бопсалаған жасөспірім қыздардың ата-аналары жауапқа тартылды

0
286

Бұл факт полицияда тіркеліп, іс материалдары сотқа жолданды.


Алматы облысында қатарласынан ақша бопсалаған жасөспірім қыздардың ата-аналары жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жасар оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты, деп жазады zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды.

Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді.

Бұл факт полицияда тіркеліп, іс материалдары сотқа жолданды.

Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

Айта кетейік, жасөспірімдер профилактикалық есепке алынып, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияға ұсыныс енгізілді.